Той тілектері сценарий

загрузка...

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

2010 - 2011 оқу жылында 43 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден мектебіміздің үмітін ақтаған «Алтын белгі» иегері Гайсина Бақыт Бекетқызы, 100 балдан жоғары жинаған оқушыларымыз: Сағынгалиева Гүлназ Сағынгалиқызы (112), Гусман Нұрдан Айбарұлы (111), Туманова Асель Мержанқызы, (109), Көшенов Сағынғали Амантайұлы (105), Хаппар Даражат Музапарқызы (104), Құрманбек Қуаныш Болатұлы (101), Болатова Айнұр Болатқызы (100), жалпы 81, 4 орташа балмен мектеп, ұстаз және ата – ана мерейін үстем қылды.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Ән ұран ойналады.)

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1.--------------
2.--------------
3.--------------
Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз
1.--------------
2 --------------
3.--------------
4.--------------
қатысып отыр.
Қош келдіңіздер.

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз - мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз ---------------------- беріледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері: ------------------- беріледі.
Дархан Даулетияровтың әні «Атамекен Казталов» Ор: Қайрат Абдулов

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте - дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Талпахов Альберт Асқарұлына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің әні:
«Қоштасу вальсі» ор: Нәрік Дүйсенов.

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда.
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Ищақова Шынасыл Аманқызы, Аділгереева Гүлжан Сапақызы.
Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздары атынан Әділгереева Гүлжан Сапақызына беріледі.

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас - қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшілері Жұмағалиева Римма Ғиниятқызы мен Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына алғысымыз шексіз.
Келесі сөз кезегі 11б сынып жетекшісі Ажғалиева Гүлнұр Зейінқызына беріледі.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын Ибраев Аңсар

Ата - ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата - аналары атынан «Алтын белгі» иегері Гайсина Бақыттың ата - анасы Гайсин Бекет Исқақұлына беріледі.

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады. – деп, биші қыздарымыздың орындауындағы «Өзбек биін» қабыл алыңыздар!
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз - қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі Гайсина Бақыт Бекетқызына беріледі.

Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар.
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар.
деп мектеп түлектеріне арнау мектебіміздің мақтанышы, аудандық «Балдәурен» байқауының жүлдегері Хаппар Даражатқа береміз.
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, ана болып та көріндің.
Ән: «Мектеп вальсі» Ор: Ибраев Аңсар.

(Әнұран ойналады)
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Кешіміздің екінші бөлімі аудандық әкімшілік жанында жалғасады.


Источник: http://bilimsite.kz/ustaz/787-kosh-bol-ustaz-altyn-uya-mektebim-mektep-bitirushiler-keshi.html


Закрыть ... [X]

Мектеп, бітірушіларге, арналан, кеш, сценарий Поздравление с днем рождением лучшему сотруднику

Той тілектері сценарий Ашы трбие сааты, бар мейіріміз балалара, 1
Той тілектері сценарий Жеіс кніне арналан, 9 мамыр, 1941, 1945 жылы
Той тілектері сценарий А бата мен а тілек. ркениет
Той тілектері сценарий «Я пою» журнал для юных вокалистов, их родителей и
Той тілектері сценарий Второе обручальное кольцо в подарок в Адамас с 14 октября по 31
Той тілектері сценарий Второе обручальное кольцо в подарок! Новости
Той тілектері сценарий Игра Википедия
Той тілектері сценарий Комитет по образованию администрации Зиминского
Той тілектері сценарий Красивые поздравления с днем матери
Медовый спас: история праздника и традиции Опыты и игры со льдом для детей. Часть 1. : Это интересно! Открытки своими руками Поздравление Вячеславу (Славику) Поздравления с днем медицинского работника Поздравления с днем свадьбы красивые трогательные, поздравление на